Атырау облысында каналдар жаңғыртылып жатыр

Атырау облысында егістік пен шабындық алқаптарды суаруға арналған 5 канал жөнделді.

Тағы төртеуінің құрылысы жүріп жатыр. Климаты қатал өңірде егін мен мал шаруашылығы үшін суландыру жүйесін жаңғырту маңызды. Мысалы, Махамбет ауданында 9 канал бар. Олар аудандағы 250-ден астам шаруашылықтың суға деген сұранысын өтейді. Бұрын «Қазсушар» мекемесінің балансында болған су арналары үш жыл бұрын жергілікті бюджет есебінен жөнделе бастады.

Қайрат Нұрлыбаев, Махамбет ауданының әкімі:

- Оның екеуінде былтыр жұмыс басталды, ол жұмыстар жалғасады. Биыл аяқталуы тиіс. Олар  Бақсай каналы және Есбол-Қазыбай каналы Енді 2 канал: Сборный және Нарын каналдары. Олардың жобалық-сметалық құжаттамаларының қазіргі уақытта біреуі жасалып жатыр, біреуіне қайта түзету енгізуде. Сонда аудан бойынша барлық 9 каналды да жөндеп ауыл шаруашылығының дамуына оң әсер ететін болады деп есептейміз.