Түркістанда «Әлемнің жарығы – ана» мерекелік кеші өтті

Түркістанда «Әлемнің жарығы – ана» атты мерекелік кеш өтті.

Салтанатты жиында өңірдің дамуына үлес қосып жүрген ардагер әжелер мен көпбалалы аналарға және іскер аруларға құрмет көрсетілді. Облыста 180 мыңға жуық көпбалалы ана бар. Бұл көрсеткіш бойынша алдыңғы қатарда тұр. Оның 2500 «Батыр ана» болса, 17 мыңға жуығы «Алтын алқа» иегерлері. Былтыр 54 мыңнан астам сәби дүниеге келді. Түркістан музыкалық драма театрында өткен шара мерекелік концертке ұласты.

Ақбота Бекболатова, көп балалы ана:

- Ең бірінші 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен барша аналар мен аруларды құттықтағым келіп отыр. Қазіргі таңда 3 ұл, 4 қыз тәрбиелеп отырмыз. Өзім мұғаліммін, ағылшын тілі пәнінен сабақ беремін. Алтын алқа иесі болып отырмын. Алғысым шекісіз бәрін.

Айшырын Ескендірова, «Алтын алқа» иегері:

- Жетісайдан келдім, менің атамды атып, осы Түркістанға шақырғанына өте қуаныштымын. Құдай берген он балам бар. 50 шақты немере бар, 30-дай шөбере бар. Өзім батыр анамын. Жасым 85-те. Халқыма, еліме өте ризамын.