Волонтерлер 300 млн теңгеден астам қаржыны үнемдеуге атсалысты

Алматыда «жемқорлыққа қарсы волонтёрлер» бірнеше заң бұзушылықты анықтап, 300 миллионнан астам теңгені үнемдеуге септігін тигізді.

Бұл туралы қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады. Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттік сатып алуда кездескен. Мысалы, қоғамдық көлік жүргізушілері демалатын модульдік пунктердің бағасы күдік туғызған. Зерттей келіп, оның құны көрсетілген бағадан екі есе төмен екені анықталды. Яғни 137 миллион теңгеге асыра бағаланған. Осыдан кейін мемлекеттік органдар сатып алудан бас тартып, бюджет қаражатының бей-берекет жұмсалуына жол бермеді.

Қанат Сәлімбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы орынбасарының м.а:

- Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жыл басынан мониторинг арқылы және тиісті хат жолдау арқылы 3 млрд теңгедей қаражатты үнемдеді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. 000452 Қазіргі уақытта мемлекеттік органдарға бұрын жіберілген хаттар бойынша 1,2 млрд теңгеден астам ұтымсыз пайдаланудың алдын алу күтілуде.

Давранбек Садықов, волонтёр:

- Компьютерді нақтырақ айтқанданда техниканың тілін жақсы білсеңіз жеткілікті. Сұрау тастап, қай ұйымдардың қандай өнімді, қандай бағамен сатып алатынын анықтай аласыз. Әрі қарай,  жеткізушілердің коммерциялық ұсыныстарын қарап, артық төлемнің құны.