Ақтөбеге гуманитарлық көмек көрсетіледі

Ақтөбеде екі бірдей гуманитарлық көмек қабылдау орталығы ашылды.

Мұнда кез келген адамның әкеп тапсырған заттары қойылып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үлестіріледі. Ал жәрдемдесушілер аз емес. Бір тәулік бұрын жұмысын бастаған орталықтарға азық-түлік, төсек орын, киім-кешек және гигиена заттарын тапсырып жатқандар көп. Қайырымды іске қарапайым тұрғындар, еріктілер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де қолдау көрсетіп жатыр.

Ақбаян Бөпежан, жастар жасағының жетекшісі:

- Бұл жерде автоволонтерлар, яғни ер адамдар көбінесе өздерінің көліктерімен халыққа көмектесіп жатыр. Қыз балалар тамақ жағынан және де гигиеналық заттарды тасуға көмектессе, ал ер балаларымыз тұрғындарымызды эвакуациялауға көмектесіп жатыр.