Тасқыннан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі

Республикалық штаб тасқыннан зардап шеккен халыққа медициналық көмек көрсету мәселесін ерекше бақылауда ұстайды, деп хабарлайды 24KZ.

Медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қосымша дәрігерлер мен жедел жәрдем бригадалары тартылып жатыр. Өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды бақылау және мониторинг күшейтілді. Сонымен қатар жергілікті денсаулық сақтау мәселелері бойынша байланыс орталықтары тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшті. Су тасқынынан зардап шеккен өңір тұрғындары денсаулық сақтау басқармаларының орталықтарына экранда көрсетілген нөмірлер арқылы жүгіне алады.

Ақтөбе облысы +7 (7132) 41 02 13

Қостанай облысы +7 (7142) 52 40 70

Батыс Қазақстан облысы +7 (7112) 24 00 06

Қарағанды облысы +7 (7212) 95 55 59

Абай облысы +7 (7222) 56 64 50

Ұлытау облысы +7(7102) 99 95 09

Ақмола облысы 109