Қызылорда облысында су қоймалары салынады

Қызылорда облысында Қаратау бөктерінен түсетін қарғын суды тиімді пайдалану үшін жасанды су қоймалары салынады.

Су тасқынына қарсы шаралардың өңірлік «Жол картасына» 5 ірі жоба енгізіліп отыр. Оны жүзеге асыруға бюджеттен қаржы бөлінеді. Республикалық штаб отырысында жаңбыр мен қар суын жинақтайтын Арал ауданындағы «Құмсай» су қоймасын тиімді пайдалану жөнінде де тапсырма берілді. Қазіргі таңда Сырдария өзенінің беті мұздан толық тазартылды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.