Жолдарды қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр

Тасқыннан кейін жолдарды қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Абай облысындағы Бозай және Тассай ауылдары іргесіндегі су басқан «Кіндікті-Ақсуат» тасжолы бөлігінде жұмыс қарқынды. Әзірге көлік біткен айналып өтіп жатқан Көкпекті ауданындағы жолды да жөндеу басталып кетті. Қызу жұмыс Бозтал және Бесқарағай ауылдарын байланыстыратын жолдарда да жүріп жатыр. Сондай-ақ Алматы-Өскемен теміржол бағытын қауіпсіз ету мақсатында су бөгеттері бой көтерді. Өңірдің өзге де аймақтарындағы өзен арналары мен көпір тіректерін бекіту шаралары жоспарлы түрде жүріп жатыр.

Ал Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Подстёпное-Федоровка-Ресей шекарасы» жолы ашылды. Бұған дейін ол аймақты да су басқан еді. Жөндеу жұмыстарына 14 арнайы техника жұмылдырылған.