Сергеев қоймасындағы судың деңгейі 68 сантимерге жетті

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев қоймасы ернеуінен асты.

Бөгет үстінен ағып жатқан судың деңгейі 68 сантимерге жетті. Себебі өңірге Ақмола облысынан су келіп жатыр. «Бірнеше жыл бұрын осы Сергеев және Петропавл су тораптарының көпірлері апатты деп танылған. Бірақ бұл қойманың жұмысына зардабын тигізбейді», - дейді мамандар.

Шұғайып Ибатуллин, «Қазсушар» РМК ОФ директоры:

- 2022 жылы екі су торабы да жанжақты тексеруден өтті. Су тораптарының жағдайы қанағаттанарлық. Тексеріс нәтижесі құжатта тіркелген. Қауіпсіздік декларациясы бар. Екі су торабы да штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ешқандай қауіп жоқ. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.