Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды

Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Бүгін облыс әкімі осындай шешім қабылдады. Серік Шәпкенов, жетекшілік ететін әкім орынбасары төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын. Оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын деді өз шешімінде. Бұған дейін мұндай төтенше жағдай Қызылқоға және Жылыой ауданында жарияланған. Қазір екі ауданда бұл режім әлі сақталады.

Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:

- Өздеріңізге белгілі Ирикла су қоймасынан өте қомақты көлемде Жайық өзеңіне су жіберілуде. Бұл су ертеңгі таңда Жайық өзеңі арқылы Атырау жеріне де жетеді. Сондықтан бұл өз тарапынан үлкен су тасқыны қауіпін тудыруы мүмкін. Осы мәселелердің бәрін қарай тұра барлық күш құралдарды жұмылдыру үшін мен арнайы табиғи сипаттағы ТЖ жариялауға шешім қабылдадым.