Қ. Бозымбаев: Ресеймен тығыз байланыстамыз

Су тасқынына байланысты Ресеймен тығыз байланыстамыз.

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Республикалық ақпараттық штабтың брифингінде осылай баяндады. Солтүстік көршіміздің Табиғи ресурстар министрлігі, Су ресурстары федералды агенттігі мен олардың құрылымдық бөлімдерімен ортақ чаттың ашылып, әр сағат сайын маңызды ақпаратпен алмасып жатқанын хабарлады.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Ресей тарабы бізге су келу қаупіне қатысты барлық ақпаратты ұсынып отыр. Біз де өз жағымыздағы өзендер бойынша уақытылы хабардар етіп отырмыз. Мысалы, олардың Қорған облысына біздегі Тобыл өзенінен көп мөлшерде су кетіп жатыр. Сондай-ақ, Есілден аққан су Түменге барады. Дәл осы әріптестігіміз трансшекаралық суларды қолданудағы жұмысты одан әрі ұтымды ете түседі деп үміттенеміз.