Құлсарыға көмек жіберіледі. LIVE

Шамамен мың жарым-мың алты жүз бөлке нан тиеу керек.

Бұл тек бір күнге жетер-жетпес қор. Сондықтан волонтерлер күнделікті жолдап отырады. Нанды қаладағы екі наубайхана дер кезінде дайындап отыруға келіскен. 

Бүгін түнде  Қырғыз Республикасынан гуманитарлық көмек келген. Көрші елдің жылуын Төтенше жағдайлар вице-министрі Урматбек Шамырқанов жеткізді. Әлеуметтік жүк бірінші Анаға тағзым орталығына жеткізіліп, сол жерден аудандарға бөлінеді.