Ақтөбенің ахуал орталығына 20 мың қоңырау түскен

Тасқын басталғалы Ақтөбенің ахуал орталығына 20 мыңға жуық қоңырау түскен.

Тұрғындар су сорғылау бригадаларын шақырып, елді мекен төңірегіне бөгет тұрғызу туралы өтініштер қалдырған. Облыстағы 109 қызметі 24 наурыздан бері күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Күнделікті 15 диспетчер қоңырау қабылдайды. Олардың ішінде су тасқынына қарсы жедел штаб өкілдері де бар. Бұл жұмысты оңтайландырып, дереу шара қабылдауға тиімді.

Ерлан Мұқанов, облыстық ахуалды орталығының басшысы:  

- 27 наурыз Елек арнасынан асты. Елек арнасынан асқан кезде тұрғындарда қорқыныш болды. Сол кезде күніне 1800-2000 ға жуық түсіп отырды. Қазір саябырсыды. Қоңыраулар саны мыңнан жеті жүздің арасында. Қазіргі негізгі түсіп жатқан қоңыраулар судың беті қайтқандықтан комиссияның жұмысына қатысты. Бір реттік берілетін қаржыға қатысты.