Үкімет мүшелері атынан жалған хабарламалар тарады

Мессенджерлерде Премьер-министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан қаражат аудару туралы өтініш айтылған жалған хабарламалар тарап жатыр.

Үкіметтің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады. Құқық қорғау органдары интернет-алаяқтарды анықтауға кірісті.