Сарыкөл гидробекетінде су көтеріліп келеді

Қостанай облысына қарасты Сарыкөл гидробекетінде су көтеріліп келеді.

Таңғы сағат 08:00-де оның деңгейі 853 см-ді құраса, сағат 12:00-де 857 см-ге жеткен. Осылайша су бір тәулік ішінде 19 см-ге көтерілген. Оның деңгейі әлі де көтерілуі мүмкін. Мамандардың айтуынша егер көрсеткіш 915 см-ден асса, бұл қауіпті. Қазгидромет өкілдері көл маңында орналасқан елді мекен тұрғындарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертті.