Астанада әйелдердің саулығына арналған халықаралық конференция өтті

Әйелдер сырқатын емдеу, диагностикасын жүргізу және медициналық мекемелерде инновациялық емдеу әдістерін енгізу.

Астанада әйелдердің саулығына арналған халықаралық конференция өтті. Оған радиология саласының 250-ден астам маманы қатысты. Жиын барысында сала мамандарының қызметін үйлестіру мәселесі қаузалды. Австрия, Ұлыбритания мен Оңтүстік Корея елдерінің озық тәжірибесі талқыланды. "Бұл – жас мамандар үшін, ел аспай-ақ, тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік", - дейді ұйымдастырушылар. Іс-шараға академик Жанғали Хамзабаев атындағы радиология ғылыми зерттеу институты ұйытқы болған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елде әйелдер арасындағы сүт безі обыры онкологиялық сырқаттар санатында бірінші тұр. Орта есеппен жыл сайын 5 мың әйелден осы кесел анықталып, 1200-ге жуығы көз жұмады.