Қостанай облысында жағдай бақылауда

Қостанай облысында алты елді мекенде төтенше жағдай жарияланды.

Өңірде су тасқынынан зардап шеккен 354 үйдің, 200-ге жуығы қалпына келтіруге жарамсыз. Оларға мемлекет тарапынан жаңа баспана беріледі. Ал қалған 160-қа тарта үйдің шығын көлемі мемлекет тарапынан толық өтеледі. Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, қызыл су салдарынан 971 бас мал қырылған. Қазіргі уақытта оның екі жүзден астамына өтемақы төленді.

Ерлан Спанов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:

- Электр желілерін 1414, оның ішінде екі жоғары вольтты зақымдалған барлық ірі елді мекендерде электр қуаты қалпына келтірілді. 16 шағын елді мекен әлі күнге дейін электр қуатсыз отыр. Қазіргі уақытта смета әзірленді. Қажетті материал, тіректер дайындалуда. Жақын арада жұмыстар жүргізілетін болады. 828 өтініш бойынша 187 млн теңге төленді. Өтініштерлі қабылдау бойынша жұмыстар жалғасуда.