Ақмола облысындағы ауылға тікұшақпен азық-түлік жеткізілді

Терісаққан және Есіл өзендерінің тасуы салдарынан Қима-Терісаққан арасында жолдың 28-шақырымын су басқан.

Осы себепті Жақсы ауданының Терісаққан ауылымен көлік қатынасы үзілді. Ақмола облысының төтенше жағдайлар қызметі жергілікті билікпен бірлесіп, "Қазавиақұтқару" тікұшағымен азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізді. Сондай-ақ осы ауылдан жүкті әйел мен оның жолдасы эвакуацияланды. Құтқарушылар қазір Есіл өзеніндегі жағдай тұрақты, жағдай бақылауда екенін айтады.