Ел бойынша 108200 адам эвакуацияланды

Жалпы су тасқыны бойынша елдегі жағдай бақылауда тұр.

Өзен арналары мен су қоймалары күні-түні күзетіледі. Ең бастысы Жайықтың жағасы барынша биіктетіліп жатыр. Азаматтық қорғау қызметтері су басқан аймақтардан 108 200 адамды, оның ішінде 38 706 баланы құтқарды. 11 950 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналастыру пункттерінде 7 444 адам, оның ішінде 3 111 бала бар.