Су тасқыны салдарын жоюға 9 мыңнан астам энергетик тартылған

Елде тасқын салдарын жоюға 9 мыңнан астам энергетик маман тартылған.

Бұл туралы Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов айтты. Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында үзілген желілерді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағытқа 2 мыңнан астам техника берілген. Ал Петропавл қаласында сумен қамту жабдықтары үшін трансформатор мен дизель генераторы жеткізілген. Алайда сорғыны су басуына байланысты Пестрое көлінде жаңасы орнатылды. Тиісті жұмыстар жалғасып жатыр, деді ведомство өкілі.