БҚО-да стратегиялық нысандарды қорғау шаралары күшейтілді

Батыс Қазақстан облысында тіршілікті қамтамасыз ететін стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау шаралары күшейтілді, деп хабарлайды 24KZ.

Атап айтқанда, Оралдағы «Батыс су арнасы», «Жайық-жылу-энерго» мекемелері мен сорғы станциясында табиғи апатқа қарсы кешенді шаралар ұйымдастырылды. Қаланың 340 мың халқын сумен қамтамасыз ететін «Батыс су арнасы» кәсіпорны қазір қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Қажетті су мен оны тазалауға арналған реагенттер қоры жеткілікті деңгейде. Апатты бригадалар, кәсіпорынның 820 қызметкері мен 82 арнайы техника дайын тұр. Ал «Жайық-жылу-энергосы» нысанының аумағы мен аса қауіпті учаскелерде су тасқынына қарсы жұмыс аясында құм-қиыршықтас қоспасымен толтыру амалдары жүріп жатыр. Күшейтілді. Тиісті жұмыстарға 180 адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылған.