Ақтөбе облысындағы Құйылыс ауылында эвакуация басталды

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы Құйылыс ауылында эвакуация басталды, деп хабарлайды 24KZ.

Жолды су шайғандықтан, тұрғындар Қорғаныс министрлігінің тікұшақтарымен көшіріліп жатыр. Бұған дейін Нұра мен Мамыр ауылдарының халқы да аудан орталығынан пана тапқан. Әзірге дейін барлығы 887 адам, оның ішінде 453 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өңірде топан суға тосқауыл болу жұмыстары жалғасып жатыр.

Әлішер Сарбаев, облыстық ТЖД бөлімінің бас маманы:

- Нұра, Мамыр елді мекендері бойынша қорғаныс линиясының екінші линиясын көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дәл солай Жайсаңбай және Белшер ауылдарында қорғаныс бөгеттерін нығайту, жағаларды нығайту жұмыстары атқарылып жатыр.