Қостанай облысында мал шығынына өтемақы төлеу басталды

Қостанай облысында табиғи апаттан шығын болған малға өтемақы төлене бастады.

Оны алғашқылардың бірі болып, Арқалық қаласына қарасты Қызылжұлдыз ауылының тұрғындары алды. Бұл елді мекеннен үш өтініш түскен. Сол бойынша 11 бас ірі қара мен 203 ұсақ малға 13 млн теңгеден астам қаржы төленді. Осы күнге дейін облыс бойынша тоғыз жүзден астам өлген малға құжат дайындалған. Олардың иелеріне де таяу күндері тиісті төлем беріле бастайды. Ал тіркелмеген не өлексесі табылмаған түлікке өтемақы алудың өз тәртібі бар. Ол үшін сондай малың болғандығын дәлелделдеп, үш адам куәлік етуі қажет. 

Советхан Әлиев, Қызылжұлдыз ауылының тұрғыны:

- Он сегіз бас малым жоқ. Соның онының өлексесін тауып, сол жаңағы өткенде келген комиссиясы онына өтемақы төледі. Тағы бір сегіз бас малымның ізі жоқ. Енді шамасы ағып кеткен ау деймін. Сол сегіз басыма малыма заявление қабылдап алды, үш куәмен жаңағы сегіз бас малға тағы өтемақы төленеді деп жатыр. 

Бауыржан Бекет облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Жиырма өтініш түсіп тұр. Жанкелдин ауданынан үш өтініш, Арқалықтан он бір өтініш түсіп тұр. Сол өтінішер бойынша басқа құжаттар дайындалған. Арнайы бекітілген бағалау, сол жаңағы шығынды бағалайтын мекеме бар, сол мекемеге жіберілді.