О. Бектенов тасқынды болжайтын цифрлық жобалармен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынын болжауға арналған цифрлық жобалармен танысты. Олар су қоймаларының деңгейін анықтай алады.

Тәжірибелік үлгіні әзірлеу аясында дренажды модельдеу және есептеу алгоритмдері жасалған. Сондай-ақ бірнеше өзен учаскелерінде пилоттық сынақтар да жүргізілген. Цифрлық құрал дренаждағы олқылықты тауып, су тасқыны аймағын картада көрсетуге де қабілетті. Үкімет басшысы жобаларды мақұлдап, пилоттық режимде енгізу шараларын бастауды тапсырды. Одан бөлек, қысқа мерзімде қарғын судан келген шығынды өтеуге арналған өтінімдерді қабылдау қызметін іске қосуды міндеттеді.