Құлсарыда өтемақыға құжат қабылдау басталды. LIVE

Құлсарыда тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы төлеу үшін құжат қабылдау басталды.

Суға кеткен ықшам аудандар бойынша құжат тапсыратын 4 пункт дайындалды. Қазір әріптесім Асланбек Шығыр тікелей эфирде мән-жайды баяндауға әзір. Қазір қанша тұрғын құжатын тапсырып үлгірді?

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу үшін құжат қабылдау бүгін таңертең басталды. 09:00-ден бері осы біз тұрған №18 мектепке келіп жатқан тұрғынның қарасы қалың. Құжат қабылдайтын осындай 4 орын ашылған. Суға кеткен ықшам аудандар сол учаскелерге бөлінген. Қазір менің жанымда бағалау және мүліктердің шығынын өтеу комиссиясының мүшесі Жанар Жүсіпова тұр. Жанар Амангелдіқызы, қазір қанша адам құжатын тапсырып үлгірді? Мұнда қанша ықшам ауданнан құжат қабылданады? Бағалау комиссиясы жұмысын қашан бастайды? Өтемақы төлеу жұмыстары қай уақытқа жоспарланған?

Жанар Жүсіпова, Жылыой аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы: 

Асланбек Шығыр, тілші: 

- Аудандық әкімдіктің хабарлауынша, қазір суға кеткен кәсіпкерлік нысандарды тіркеу басталған. Кәсіпкерлік нысандарды бағалау механизмі де өзгеше болады, дейді. Ол үшін бағалау комиссиясы жасақталып жатыр. Қазір 100-ге жуық кәсіпкерлік нысан анықталған. Жалпы аудандағы ахуалға тоқтала кетсек, қазір жағдай тұрақталды. Кешегі күннің өзінде 700-ге жуық тұрғынға бір жолғы әлеуметтік төлем берілген. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Сондай-ақ суға кеткен тұрғын үйлерде қауіпсіздік мақсатында көгілдір отын беру тоқтаған еді. Қазір жағдай реттелуде. Кеше 250 тұрғын үйге газ берілген. Қаланы судан тазарту жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр.