«102»-ге тұрмыстық зорлық туралы 21 мыңнан астам хабар түскен

Жыл басынан бері «102» пультіне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 21 мыңнан астам хабарлама түскен.

34 мыңға жуық қаскөй әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мамандардың айтуынша, жаңа құжат 2017 жылы күшін жойған «жеңіл дене жарақаты үшін қылмыстық жауапкершілік» деген бөлікті қолданысқа қайта енгізді. Енді олар жеңіл жазамен құтылып кете алмайды.

Степногорск қаласындағы «Өмір» әлеуметтік қолдау орталығының негізі 6 жыл бұрын қаланды. Ол іске қосылғалы 400-ге жуық әйел мамандардың тиісті көмегін алған. Мұнда жүгінетіндердің басым бөлігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған нәзік жандар. Қазір орталық әйелдерге жәрдемдесіп қана қоймай, агрессорларды да психологиялық оңалтудан өткізіп тұрады.

Оксана Волкова-Михальская, «Женский луч» қоғамдық ұйымының басшысы:

- Біз мамандармен жұмыс істеген әйелдердің нәтижесін көрдік. Аргрессорлардың да психологпен жұмысынан кейін көзқарасының өзгергенін байқадық. Демек, мұнан соң олар отбасын сақтап қалудың әрекетін жасайтын болады. Жанұясын бақытты етсем деген ой түйеді. Ал біздің «Өмір» орталығы отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға күш салуын жалғастыра береді. 

Жыл басынан бері «102» пультіне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 21 мыңнан астам хабарлама түскен. Әкімшілік жауапкершілікке 34 мыңға жуық қаскөй тартылған. Бірақ қабылданған заң бойынша бұдан былай агрессорлар жеңіл жауапкершілікпен құтылып кете алмайды. Енді олардың әрекеті «қылмыстық» саналып,  бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Қазір «әкімшіліктен» «қылмыстыққа» ауыстырған баптар бойынша жазалардың ең қатаң түрі 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру. 25 тәуліктен басталады бірінші рет жасалған жағдайда яғни ұрып-соғу деген. Енді ол жерде міндетті түрде дене жарақатын келтіру міндетті емес. Егер жәбірленуші маған ауырсыну келтірді десе болды, оған ұрып-соғу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады. 

Жаңа заң балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрі бойынша қатаңдады. Ал мемлекеттік орган өкілдері, кәмелетке толмаған немесе мүгедектігі бар балаларды орналастыратын арнайы мекемелерді ескертусіз тексеруге мүмкіндік алды. 

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Отбасындағы қатынастың ең бір бөлігі ол - бала. Сол себепті баланың құқығын қорғауға ұсыныстар енгізілген. Оның ішінде балаға шынайы жарақат алатын болса, бала зәбір көретін болса, онда оған арнайы қылмыстық кодекс қарастырылады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, кәмелет жасқа толмағандарға жасалатын қылмыстың үштен бірі жыныстық сипатта болады. Заң оны да қарастырған. Педофилдер енді өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

Альмира Оразбай