₸2 млрд тасқыннан зардап шеккен аймақтарға аударылды

Заңсыз иемделген 24 млрд теңге мемлекетке қайтарылды.

Оның 2,2 млрды арнайы құрылған мемлекеттік қорға аударылды. Кейін Президенттің тапсырмасымен су тасқынының салдарын жоюға бағытталады. Тиісті заңның мақсаттарына сәйкес келешекте де өндірілетін қаражат зардап шеккен өңірлердің әлеуметтік жобаларына жұмсалады. Бас прокуратура аталған бағыттағы жұмысын жалғастырып жатыр.