СҚО-ға 60 тонна гуманитарлық жүк жіберілді

Оның ішінде ауыз су мен азық-түлік, төсек-орын, резеңке етіктер мен жеке гигиена заттары бар.

Тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға Астана қаласының әкімшілігі, Қаржылық мониторинг агенттігі және жергілікті кәсіпкерлер көмекқолын созып отыр. Айта кетейік, елордадан бұған дейін зардап шеккен өңірлерге 1 мың 100 тонна көмек жіберілген болатын. 

Ерлан Каналимов, Астана қаласы мәслихатының төрағасы:

- Гуманитарлық көмектің ішіндегі заттардың барлығы облыстық штабпен келісілген. Нақты қажетті заттар. Өздеріңіз білесіздер алпыс тоннадан астам жүк жіберіп отырмыз. Бұның алдында екі-үш күн бұрын тағы да алпыс тонна жүк кеткен болатын.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Жалпы бұл жіберіліп жатқан көмектің алғашқы легі емес. Өйткені ҚМА аумақтық департаменттері БҚО, Атырауға, Қостанайға басқа да өңірлерге көмекті жолдаған болатын.