Өскеменде көше және ашық аспан астындағы музейлер жаңа кейіпке енеді

Ел шығысындағы гүлзар, көше және ашық аспан астындағы музейлер жаңа кейіпке енеді.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үн қосқан жүз мыңнан астам тұрғын таулы аймақтағы бұлақ көзін аршыды. Қоғам белсенділері сондай-ақ қала көшелері мен 6 жүздей ауланы қоқыстан тазартты. Этнографиялық қорық музей қызметкерлеріне көмекке келген еріктілер тобы бір тоннадай арам шөп шығарды. Ұйымдастырушылардың айтуынша көнеден сыр шерткен жәдігер нысандарды жаңғырту шарасы бірнеше айға созылады.

Аяужан Әшімова, ШҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі:

- Әрбір адам өз қолымызбен қаламызды, тұратын жерімізді таза және әдемі, көрікті етуге үлес қосса соншалықты оның таза күйінде сақталуына әсер етеді. Сөйтіп қоғамда жақсы бір тамаша мәдениет қалыптасады. Негізінде жұртты шығарып, сенбілікке тарту оңай. Себебі Өскеменде көктем сайын жер жаһан гүлденген кезде сенбілікке шығып, айналасын тазалау тамаша дәстүрге айналған.