Берлинде Қазақстанға гуманитарлық көмек жинап жатыр

Берлиндегі отандастарымыз да елде су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр.

Бұл игі істі суретші Раушан Толғанбаева мен ерікті Виктория Бур-лакова қолға алды. Олар бір апта ішінде үлкен 6 қорап жинаған. Оның ішінде көрпе-жастық, гигиена құралдары, балалар тағамы тіпті малға арналған жем-шөп те бар. Жүктерді қабылдау әлі жалғасады. Жақын арада Қазақстанға жөнелтеді. Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарды қолдау үшін неміс-қазақ қоғамы да қаражат жинауды жоспарлап отыр.

Раушан Толғанбаева, суретші:

- Жылу жинау жалғасуда, аз да болса өз үлесімізді қосқымыз келеді. Жерлестеріміз үшін қажетті заттарды жинаймыз деп үміттенеміз. Германияда жүрген қазақ дипломаттармен сөлестік, олар да көмектесетінін айтты. Ең бастысы осы көмек Қазақстанға жетсе болды. Елшілік бізге көмектесетінін, бәрін қадағалайтынын айтты. Су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың жайына бей-жай қарай алмаймыз. Біраз уайымдадық.

Виктория Бурлак, ерікті:

- Көпшілігі тізімдегі заттардан бөлек, қажет болар-ау дегендерін де әкеліп жатыр. Тіпті артығымен әкелуде. Бұл көмек Алматыға, гуманитарлық көмек жинау жөніндегі орталық пунктке жіберіледі. Ол қазірдің өзінде қажет аймақтарға бөлініп жатыр. Петропавл, Ақтау, Атырау... осы өңірлерге өздері жолдайды. Осыншама жүктің, енді шекара асып, бүлінбей баруын тілейміз.