Ақмола облысындағы су қоймалары ернеуіне жетті

Су қоймалары ернеуіне жетті.

Ақмола облысындағы Астана және Сілеті су айдындары 100 пайызға толды. Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарындағы 5 ірі су сақтау нысанындағы жағдай да осыған шамалас. Ақтөбедегі қоймада да су қоры сыйымдылығы 97 пайызға жеткен. Ал Шығыс және Батыс Қазақстан, Абай облыстарында жағдай қалыпты, әлі де қарғын суды қабылдай алады.