Тасқын салдарын жою жалғасып жатыр. LIVE

Қазіргі уақытта Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Батыс өңірде жағдай күрделі. Ал Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Қостанай облыстарында ахуал тұрақты. Бұл өңірлерде елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бұл жайында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысында баяндады. Ол 5 мыңнан астам тұрғын үй, 18 мыңға жуық саяжай, бір мың аула аумағы мен, 91 ғимарат су астында қалғанын жеткізді.