Биыл елімізде 18 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамту үшін 22 мыңнан астам арендалық пәтер сатып алу көзделген.

Бұл мақсатқа ел қазынасынан 339 млрд теңгеге қаржы бөлінбек. Осылайша, 2030 жылға қарай 1 млн-нан астам отбасының үйлі болу мүмкіндігі бар. Тұрғын үй нарығындағы ахуалды Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс минстрі Қанат Шарлапаев баяндады. Оның айтуынша, салаға тартылған инвестиция бес жыл ішінде 12 трлн теңгеден асып, 78 жарым млн шаршы метр тұрғын үй соғылған.