Құлсарының айналма жолы тазартылып жатыр. LIVE

Тасқын кезінде су шайып, бүлінген Құлсарының айналма жолы қалпына келтіріліп жатыр. 

Асланбек Шығыр, тілші:

- Иә, біз қазір Құлсары қаласындамыз. Мына біз тұрған жер Атыраудан ағылған көліктердің  Құлсары қаласын айналып өтетін айналма жолы. Су тасыған уақытта бұл тас жол да су астында қалды. Көлік қатынасы қиындады. Оның алдында 4 сәуір күні Доссор-Құлсары бағытындағы республикалық жолдың 101 мен 102-шақырымының аралығын су шайып кеткен еді. Қазавтожол мекемесінің мамандары көлік қозғалысы үшін әзірге 1 жолағын ашты. Енді бүгін осы айналма жол тазаланып жатыр. Жалпы атқарылып жатқан жұмыстар туралы “Қазавтожол” ҰК” АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары Аслан Дүйсеновтен білейік. Аслан мырза, қазір не істеліп жатыр? Қанша техника, қанша адам жұмылдырылды?

Міне, бүгіннен бастап Құлсары қаласының айналма жолы судан тазартылып, көлік қозғалысы қалпына келіп жатыр. Бұған дейін көліктер қала орталығымен өтіп, кептелістер болған еді. Енді осы атқарылған жұмыстардан кейін жағдай қалыпқа келеді, дейді мамандар. Жалпы бұл жолдың маңыздылығын айта кетейік, осы тас жолмен тәулігіне 5 мың мен 7 мыңның арасында көлік қатынайды.