USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Павлодар облысында заңсыз аң аулаған 4 адам ұсталды

  • 262
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Павлодар облысында заңсыз аң аулаған 4 адам ұсталды mgov.kz

2017 жылғы 1 желтоқсанда сағат шамамен 02:00-де «Ертіс орманы» МОТР-ның мемлекеттік инспекторлары Павлодар облысы, Лебяжі аудандық ІІО-ның қызметкерлерімен бірлесе отырып «Ертіс орманы» МОТР Бесқарағай филиалының Байымбет орманшылығы аумағында «Ниссан Патрол» автокөлігімен 4 адамнан құралған топты заңсыз аң аулағаны үшін ұстады.

Олардың ішінде «Ертіс орманы » МОТР Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің басшысы болды.

Аталған автокөлікті тексеру барысында осы орманшылықтың аумағында бір бас бұлан және бір бас елік заңсыз атылып алынған фактісі анықталды.

Ұсталған құқықбұзушылар қылмыс жасаған құралдарымен Павлодар облысы, Лебяжі аудандық ІІО-на жеткізілді.

Қазіргі уақытта Лебяжі аудандық ІІО қызметкерлерімен кінәлі тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Ақпарат көзі: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top