Ақтауда орталық алаңдағы бас шырша құлады

Ақтауда орталық алаңдағы бас шырша құлады
фото: inform.kz

Түнде желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауа райының күрт бұзылып, желдің екпінді соғатындығы жөнінде бір күн бұрын хабарлама келіп түскен болатын. Абырой болғанда оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері құлаған шыршаны жинап алды.