Астанада екі адам банк тонамақ болған

Елордада банк тонағысы келген азаматтар ұсталды, деп хабарлады «Хабар 24».

21 және 23 жастағы күдіктілер ғимарат ішіне мас күйінде кірген. Түнгі сағат 02:30-да есіктің әйнегін сындырған соң күзет дабыл беріпті. Қылмыс бейнебақылау камерасына да жазылған. Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, ішімдікке сылқия тойған жастар заңсыз әрекетін «жеңіл ақша тапқымыз келді» деп түсіндірген.