Жезқазғанда жүк пойыздары соқтығысты

Жезқазғанда жүк пойыздары соқтығысты

Жезқазған қаласының Комбинатская станциясында екі жүк пойызы соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 23 наурыз сағат 11:15-те Комбинатская станциясында болған.

«Tranco JEZZ» ЖШС-де (Транко Жез), Комбинатская станциясында келіп жеткен жүк тиелген 17 думпкар мен Комбинатская станциясында тұрған жүк тиелген 20 думпкар пойызы соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталуда», - деп хабарлады Жезқазған қалалық ТЖБ.

Алдын ала мәліметтер бойынша тепловоздардың бірінде тежегіш жүйесі істен шыққан.