Алматы облысында жүк пойызы жеті атты басып кетті

Алматы облысында жүк пойызы жеті атты басып кетті

Алматы облысында жүк пойызы жеті жылқыны басып кетті. Жануарлардың иесіне айыппұл салынды, деп хабарлады inAlmaty.kz.

Оқиға үшінші сәуірде Алматы облысында болған.

Жүк пойызының жүргізушісі теміржолда жайылып жүрген жылқыларды байқап, жедел тоқтауға тырысты. Алайда тоқтау мүмкін болмай, жеті жануарды пойыз басып кетті.

Үштөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 19 жастағы жылқылардың иесін анықтады. Құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.