Алматыда «Барахолка» базары өртенді
Алматыдағы «Барахолка» базарынан өрт шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаметінің мәліметінше, 29 сәуір күні таңғы сағат 09:25 өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Солтүстік айналма тасжолы 116, «Кенжехан-1» базары мекенжайы бойынша шақыртуға шықты.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа орағанын анықтады. Оттың жапсарлас контейнерлерге таралу қаупі туындады. Дереу өрт оқпандары беріліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 9 минут ішінде сөндірілді», - деп хабарлады ведомствадан.
Өртті сөндіруге 40 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды.