Жүріп келе жатқан көліктен бала құлап кетті

Бүгін таңғы сағат ондар шамасында Алматы облысында тас жолмен келе жатқан көліктен 3 жастағы қыз бала құлап түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рөлде отырған анасы бүлдіршінге қауіпсіздік белдігін тақпаған. Бұл оқиға Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылында болды. Тәртіп сақшылары әйел адамға қатысты әкімшілік іс қозғады.