Екібастұзда машинист әйел биіктіктен құлап кетті

Екібастұзда машинист әйел биіктіктен құлап кетті
Вектор жизни

Аталмыш фактіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 қазан күні сағат 23.15-те Екібастұз қаласының ауруханасына ЖШС машинисінің көмекшісі жарақатпен жүгінген.

- Сол күні сағат 20.00-де ЖШС-нің аумағында әйел адамның көмір беру контейнерін тексеру кезінде еденнің құлауы салдарынан 4 метр биіктіктен құлап кеткені анықталды, - дейді баспасөз қызметінде.

Зардап шеккен адамның жасы 24-те.