Төрт адам ауруханаға түсті: Павлодарда түнде екі көлік соқтығысты (ВИДЕО)

Төрт адам ауруханаға түсті: Павлодарда түнде екі көлік соқтығысты (ВИДЕО)

Жол-көлік оқиғасы түсірілген видео  әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.

Екі көліктің біреуінің алды, екіншісінің бүйір бөлігі зақымданған. Апат орнында жедел жәрдем көлігі жұмыс істеді.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше,  сағат 23:30-да жедел жәрдемге Толстой көшесі, 109 мекенжайы бойынша жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау түскен. Жол бойында екі жеңіл көлік соқтығысқан. Төрт адам зардап шекті: оның бірі – ер адам және үшеуі – әйел.

– Олар жарақат алып, Павлодардың №1 қалалық ауруханасына жеткізілді, – делінген хабарламда.

ЖКО орнына жедел жәрдем бригадалары мен апаттар медицинасы орталығы барды.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде  сағат 23:10 шамасында Толстой көшесінде «Лада 21144» және Toyota Mark II маркалы автокөліктерінің соқтығысқаны туралы хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Mark II автокөлігінің жолаушылары – 21 жастағы қала тұрғыны мен 15 жастағы қыз медициналық көмекке жүгінген.

– Жүргізушілер сараптама қорытындысы бойынша сау болған. «Лада 21144» автокөлігі айып тұрағына қойылды, – деді департаментте.

Аталмыш фактіге қатысты сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде.