Ауылдағы үйлену тойы адам өлімімен аяқталды

Ауылдағы үйлену тойы адам өлімімен аяқталды
Tengrinews.kz

Полиция қызметкерлері қайғылы оқиға Алматы облысы Шарын ауылындағы үйлену тойында болғанын мәлімдеді. Қонақтар арасында жанжал шығып, бір адамның өлімімен аяқталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство үйлену тойы 12 желтоқсанда Шарын ауылындағы мейрамханада өткенін мәлімдеді. Бір сәтте әбден мас болған қонақтар арасында дау туып, арты төбелеске айналған. Қонақтардың бірі қарсыласының кеудесіне пышақ жарақатын салған. Ол жарақат салдарынан қайтыс болды.

«Ұйғыр АПБ кезекші бөліміне түн ортасында аудандық орталық ауруханадан шақырту түскен. Дәрігерлер 26 жастағы ауыл тұрғыны жүрегіндегі пышақ жарақатынан қайтыс болғанын хабарлады. Полиция қызметкерлері кісі өліміне қатысты күдіктіні ұстады», - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.