Жаппай тәртіпсіздік кезінде 37 қызметтік көлік бүлінді – ҚР ІІМ

Жаппай тәртіпсіздік кезінде 37 қызметтік көлік бүлінді – ҚР ІІМ

Елде қоғамдық тәртіпті бұзған 200-ден астам адам ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің бірқатар аймағында жаппай тәртіпсіздік кезінде азаматтар араңдатушылыққа еріп, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекетке көшкен. Атап айтсақ, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларының әкімдіктеріне шабуыл жасап, әйнектері мен есіктерін сындырды. Шабуылдаушылар тас, таяқ, газ, бұрыш баллондарын және жанғыш қоспасы бар бөтелкелерді пайдаланған. Ішкі істер министрлігі таратқан ресми ақпарға сәйкес, құқық қорғау органдарының 100-деген қызметкері жарақат алды. 37 қызметтік көлік бүлінген. Билік өкілдеріне қарсы күш қолдану, бұзақылық, мемлекеттік орган ғимараттарына шабуыл жасаудың 13 дерегі тіркелген. Қазір олар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

– Азаматтардың жекелеген топтары, жолдарды жауып, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын және елдімекендердің тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін бұзып, көлік қозғалысына шектеу қойды. Сонымен қатар құқық қорғау және құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да органдардың қызметкерлеріне шабуыл жасалды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу және тәртіп бұзушыларды ұстау бойынша заңда көзделген шараларды қабылдады. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 200 ден астам адам ұсталды.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?