Ақтауда бұзақылар көліктерді қиратты

Қалада бұзақылар автокөліктерді қиратып жатқаны бейнекамераға түсіп қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мына кадрлардан жеңіл көліктердің, автобустардың, тіпті арнайы машиналардың терезелерінің сау-тамтығы қалмағанын көруге болады. Дөңгелектерін де тесіп кеткен. Кеше алаңнан қайтпай қойған 5 адам Ақтау қаласындағы полиция басқармасына жеткізілді. Оларды заңға сәйкес жазаға тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Қала комендантының айтуынша, соңғы күндері қаладағы әуежай мен полиция департаментінің ғимаратына басбұзарлар шабуыл жасаған. Тәртіп сақшылары оларға қару қолданбай, тойтарыс берді.

Нұрлан Ноғаев, облыс әкімі:

– 2-3 күннің арасында мемлекеттің, әскерилердің мүлкіне қол сұғушылық болып, оны зақымдау жөніндегі іс-әрекеттердің болғанын жоққа шығармаймыз. Бірақ халықтың қолдауының, түсіністігінің арқасында біз ешқандай да оқыс оқиғаға орын берген жоқпыз. Қазіргі таңда облыстағы жағдай тұрақты. Автомобиль, темір және авиа қатынастары тұрақты қызмет атқаруда.

 

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды