ШҚО-да демалыс күндері 13 өрт сөндірілді

ШҚО-да демалыс күндері 13 өрт сөндірілді
ШҚО ТЖД

ШҚО-да өткен демалыс күндері 5 автокөлік, 1 шаруашылық құрылыс және вагон, монша мен 5 тұрғын үй өртенген.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрттің негізгі бөлігі азаматтардың тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан болып отыр.

22 қаңтарда Семей қаласында Чайковский көшесі бойынша 1998 жылы шыққан «Хонда Аккорд» автокөлігінің қозғалысы кезінде ішкі қаптаманың жанатын бөлшектері, артқы дөңгелектердің қақпақтары, жалпы ауданы 1,5 ш.м жабдықтар жанған.

22 қаңтарда Сәтпаев даңғылы бойында көп қабатты тұрғын үйдің ауласында 1992 жылы шыққан «Ауди-80» автокөлігінде қозғалтқыштың мотор бөлігінің бөлшектері, салонның ішкі қаптамасы, аспаптар панелі жанып кетті.

Алтай ауданындағы Северная тұйық көшесінде жеке тұрғын үй аумағында моншаның ағаш құрылымдары жанған.

Сол күні Шемонаиха қаласында жеке тұрғын үй көшесіндегі жалпы ауданы 35 шаршы метр веранда, шатыр үй-жайы, шатыр жабынының ағаш құрылымдары өртенді. Өрттің алдын ала себебі: жылыту пешін монтаждау және орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Семей қаласында Тоғжігітов көшесі бойынша жеке тұрғын үйде 3 ш.м алаңдағы пештің жанында ағаш қабырға құрылымдары жағылды.

23 қаңтарда Кожкомбинатская көшесі бойынша ашық аумақта уақытша тұрукезінде 1992 жылы шыққан «Ауди» маркалы автокөлік жанып кетті.

Глубокое ауданында Тарханка ауылында жеке тұрғын үй аумағында шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары өртенді. Құтқарушылар 34 шаршы метр алаңда өртті сөндірді.

Риддер қаласында Заречная көшесі бойынша жеке тұрғын үй үй-жайында ас үйде 20 ш.м алаңда төбелік жабындардың, қабырғалардың, терезе есік блоктарының, жиһаздың, ас үй керек – жарақтарының ағаш конструкциялары өртенді.

Күршім ауылында мұзайдынының аумағында жалпы ауданы 18 ш.м спорт құрал-жабдықтарын жалға беретін жеке тұрған вагонның ағаш конструкциялары өртенді, алдын ала себеп – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Семей қаласында Красин көшесі бойынша жеке тұрғын үйде 6 ш.м. пеш жанында төбелік жабынның ағаш конструкциялары өртенді.

Өскемен қаласында «Титан» бау-бақша қоғамының аумағында 12-көше бойынша жеке тұрғын үйдің ауласында гараждың ағаш конструкциялары, шаруашылық құрылысының шатыры жанып кетті, сондай-ақ гараж ішінде жалпы ауданы 54 ш.м мотор бөлігінің жанғыш бөлшектері, басқару панелі, дөңгелектері, ВАЗ автомобилі салонының қаптамасы жанып кетті.

Астана көшесінде «Газель» автокөлігінде қозғалтқыштың мотор бөлігінің жанатын бөлшектері, аспаптар панелі жанып кетті.

24 қаңтарда Камышенка ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында гараждың ағаш конструкциялары, сондай-ақ жанатын бөлшектер, салонның қаптамасы, аспаптар панелі, 1998 жылы шыққан Mercedes автомобилінің доңғалақ қақпақтары жанып кетті.