Алматыда өзіне қол жұмсаған жас жігіттің денесі табылды

Алматыда өзіне қол жұмсаған жас жігіттің денесі табылды
Егемен Қазақстан

Қалалық полиция департаменті мәйіт 31 қаңтар күні кешкі сағат алтыда Алматының Әуезов ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен табылғанын мәлімдеді, деп хабарлад Қазақпарат.

 «2004 жылы туған азамат С.-ның мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның себебі мен мән-жайы ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы бойынша, яғни өзін-өзі өлтіруге итермелеу дерегімен басталған тергеу барысында анықталады», – деді Әуезов аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.