Жол апаты: Павлодар облысында жүкті әйел оқиға орнында қайтыс болды

Жол апаты: Павлодар облысында жүкті әйел оқиға орнында қайтыс болды
Mir24.tv

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

– 13 ақпан күні сағат 16:20-да Ленин-Ертіс-Русская Поляна РФ автожолының 43-шақырымында, Ақтоғай ауданы Өтес ауылынан 4 шақырым учаскеде «Ауди 100» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, «Тойота Камри 20» автокөлігімен соқтығысты, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ауди 100» автокөлігінің 26 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Типичный Павлодар парақшасында қайтыс болған әйелдің аяғы ауыр екендігі жазылған.

«Ауди 100» автокөлігінің жүргізушісі мен 2013 жылы туған жолаушысы жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

«Тойота Камри 20» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.