Алматы облысында көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері пара алды

Алматы облысында көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері пара алған.

Олар өткен жылдың басынан осы уақытқа дейін кәсіпкерлердің автожолдарда кедергісіз қозғалып және оларды әкімшілік жауапқа тартпау үшін 50 мыңнан 280 мың теңгеге дейін алып отырған. Ұсталғандар Талдықорған қаласындағы полиция басқармасының изоляторына қамалды.