Павлодарда екі көлік соқтығысты

Павлодарда екі көлік соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы Н.Назарбаев даңғылы - Ладожская көшесінің қиылысында болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 наурыз күні сағат 22:45-те 54 жастағы «Лада Калина» автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның рұқсат беретін сигналына солға бұрылған кезде қарсы келе жатқан автокөлікке жол бермеген.

– Салдарынан «БМВ 520» автокөлігімен соқтығысып, «Лада Калина» автокөлігінің жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі, – дейді департаментте.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыс аумағында 66 ЖКО тіркелген, салдарынан 5 адам қаза тауып, 95 адам жарақат алған.